Камала Харрис президенттікке кандидат болуы үшін дауыс жинауы керек

АҚШ-тың 46-президенті Джо Байден көпшілік күтпеген мәлімдеме жасады.

81 жастағы демократ қарашада өтетін президенттік сайлауға қатыспайтынын жариялады. Мұндай шешім қабылдауға не түрткі болды?

Талғат Алманов, тілші: 

- Ақ Үй басшысы Джо Байден әлеуметтік желідегі ресми парақшасында сайлауалды бағдарламасының тоқтайтынын және президенттік сайлауға қатыспайтынын хабарлады. Өз мәлімдемесінде демократ Америка халқына алғыс білдіріп, қайта сайлануға ниетті болғанымен, партияластары мен елінің мүддесі үшін осындай шешімді қабылдауға тура келгенін мәлімдеді. Айта кетейік Байден 1968 жылы Президент Линдон Джонсоннан кейінгі қайта сайланудан бас тартқан алғашқы президент.

Жалпы өмірінің 52 жылын саясатқа арнаған демократтың сайлауға небары 107 күн қалғанда осындай шешім қабылдап отыр? Оның түрлі себебі бар. Біріншіден, Байденнің 81-ден асуы біраздан бері сайлаушылардың көкейінде жүрген өзекті мәселенің біріне айналды. Екіншіден Байденнің Трампқа қарсы төтеп бере алатына күмән келтіретіндердің саны маусымның соңында өткен теледебаттан кейін арта түсті. Сонымен қатар 13 шілдеде Трамптың өміріне жасалған қастандық әрекетінен кейін оның сауалнамалардағы көрсеткіштеріне тікелей әсер етті. Осылайша Ақ үй басшысының сайлауға қатысуын қайта қарастыру керетігін тек дауыс берушілер ғана емес, сонымен бірге  партия өкілдері де айтып келді.

Стаси Прит, қала тұрғыны:

- Шынында да таңқаларлық, бірақ өзгеріс қажет деп ойлаймын. Бізге жасырақ және кем дегенде көбірек қабілетті көрінетін адам керек. Кімнің Трампты жеңе алатынын білмеймін. Бірақ бұл жақсы. Бізде мүмкіндік бар сияқты. 

Талғат Алманов, тілші:

-  Байден кетсе оның орнына президенттік сайлауға кім түседі, Трампқа қарсы кім тұрады деген сұрақ туындайды. Байденінң өзі вице президенті Камала Харисті қолдайтынын мәлімдегенімен оның демократтар атынан ресми түрде үміткер атануы үшін партияластарының дауысын жинау керек. Ал ол тамыз айында өтетін демократтардың ұлттық конвенциясында болады деп күтілуде. Егер Камала Харристың кандидатурасы таңдалса, ол президенттік сайлауға түсетін алғашқы қара нәсілді әйел атанады. Ал Дональд Трамп Харристі жеңу Байденге қарағанда әлдеқайда жеңіл болады деп хабарлады.