АҚШ-та құмар ойынға құмартушылар көп
Технологияның дамыған заманында құмар ойындарға бәс тігу үшін казиноға барудың қажеті жоқ.
Интернет пен электронды дивайсыңыз болса жеткілікті. Америкалық мамандардың айтуынша бәс тігудің осыншалықты қол жетімді болуы алаңдатын мәселеге айналып отыр. Өйткені құмар ойынға құныққандардың саны соңғы жылдары күрт өсіп барады.
Ресми деректерге сүйенсек, былтыр АҚШ-тағы студенттердің төрттен үші құмар ойындарға бәс тіккен. Бағын сынап, тез арада баюды көздейтіндердің саны 2018 жылдан бері күрт өскен дейді мамандар. Ол кезде АҚШ-тың Жоғарғы соты елдің 30-дан астам штатында құмар ойындарға ақша тігуді заңдастыруға мүмкіндік берген еді.
Шекхар Саксена, ДДСҰ Психикалық денсаулық және есірткіге қарсы департаментінің директоры:
- Құмар ойындар мен видео-ойындарға тәуелділік бір-біріне қатты ұқсайды. Екеуі де адамның психикалық жағдайына әсер етеді. Адам тәуелді болып, өзін өзі ұстай алмай қалады. Ал мұның соңы адам денсаулығына үлкен зиян тигізеді. Бұл індет.
Мамандардың дабыл қағуы орынды. Мәселен, АҚШ-тағы Құмар Ойындармен Күрес Кеңесінің мәліметі бойынша, құмар ойындарға тәуелді адамдардың 20 пайызы өз-өзіне қол жұмсауға тырысқан екен. Аталмыш мәселемен күресу үшін мемлекет тарапынан жыл сайын 7 миллиардқа жуық қаражат жұмсалады дейді мамандар. Амеркиалықтарды құмар ойындардың құрбаны болмауы үшін жаза қолданатын штаттар да жоқ емес.
Талғат Алманов, тілші:
- Құмар ойынларға оның ішінде спорт ойындарына ақша тігу АҚШ-тың 12 штатында заңсыз. Соның бірі біз тұрған Джорджия. Мұнда заң бұзғандардың жазасы бірнеше мың долларлық айыппұлдан, бас бостандығынан айыруға дейін барады.
Америкалықтар үшін ең үлкен спорттық жарыс саналатын Super Bowl жыл сайын миллиондаған көрерменді экран алдына телміртеді. Сонымен қатар бұл бәс тігетіндердің сүйікті жарысы. Елдің Құмар Ойындар Ассоцияциясының мәліметіне сүйенсек биылғы Super Bowl-ға 67 миллион амеркиалық бәс тігіп, жалпы құны 23 миллиардтан астам ақша жұмсалған.
АҚШ, Вашингтон
Шекхар Саксена, ДДСҰ Психикалық денсаулық және есірткіге қарсы департаментінің директоры:
- Біз көптеген мамандармен жұмыс істеп, адамның тәуелділігін бақыладық және оның ауыруға әкелетініне көзіміз жетті. Бұл індет және онымен күресу керек.
Мамандардың айтуынша, құмар ойындарға тәуелді болудың ұзақ мерзімді кері әсерін көпшілік ескере бермейді. Медициналық мұқтаждық, психикалық ауытқу, жұмыстан айырылу және банкротқа ұышрау соның бірсыпырасы ғана.
Талғат Алманов