Э. Макронның қазақ тазысы жуырда күшіктейді
Парижден жақсы жаңалық жетті.
Елисей сарайын мекендейтін қазақ тазысы күшіктегелі жатыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев асыл тұқымды 2 итті Франция басшысы Эмманюэль Макронға сыйға берген болатын. Олимпиада ойындарының ашылуы қарсаңында Елисей сарайы шетелдік туристерді қабылдады. Арасында «24KZ» телеарнасының меншікті тілшісі Әлия Сыздықова да бар. Ол бірінші ханым Брижитт Макроннан тазылардың халін сұраған. Жауап ретінде Брижит ханым Жюль мен Жаннаны далаға алып шықты. Жанна алғаш рет күшіктегелі жүр екен. Француз президентінің жұбайы күшіктердің біреуін біздің тілшіге сыйлауға уәде берді. Президент Тоқаевтың тартуы Елисей сарайына келуші қонақтардың көзайымына айналған.