Бейжіңде 14 палестиналық фракция бейбіт бітімге келді
14 палестиналық фракция, оның ішінде ХАМАС пен ФАТХ бар, бітімге келу бойынша Бейжің декларациясына қол қойды.
Келіссөздер 3 күнге созылған. Бұл туралы Қытайдың CCTV телеарнасына сілтеме жасаған «Рейтер» агенттігі хабарлады. Кездесуге Қытайдың Сыртқы істер министрі Ван И ФАТХ орталық комитеті төрағасының орынбасары Махмұд әл-Алул және ХАМАС Саяси бюросының өкілі Мұса Әбу-Марзук қатысқан. Тараптар Таяу Шығыстағы қарулы қақтығыс аяқталған соң Газа секторы мен Батыс жағада уақытша үкімет құруға уағдаласты.