Сауалнама бойынша Харрис Трамптан басым түсті

АҚШ Вице-президенті Камала Харрис алғашқы ұлттық сауалнама қорытындысы бойынша республикалықтар атынан АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамптан озды деп хабарлайды 24kz.

Reuters агенттігі келтірген мәліметке сәйкес, америкалықтардың 44%-і Камала Харристі, 42%-і Дональд Трампты қолдайтынын айтқан. Соған қарамастан, АҚШ-тың Өкілдер палатасы Харриске импичмент жариялап, Байденті отставкаға кетіруді талап етті. Трамптың сайлауалды штабы вице-президентке Байденнің жағдайын жасырып, халық пен Конгрессті біраз уақыт алдап келді деген айып тағып отыр.