Бразилияда акулалардың ағзасынан есірткі табылды

Бразилияда ғалымдар жағалауға жақын жерде ағзасы кокаинға толы акулаларды кездестірді.

Рио-де-Жанейро қаласы маңында ұсталған жыртқыштардың денесінде есрткінің мөлшері басқа су жануарларына қарағанда 100 есе көп болып шықты. Мамандар мәселені Кариб теңізі түбінде жатқан кокаинмен байланыстырып отыр. АҚШ Жағалау күзетінің дерегіне қарағанда айдын тұңғиығында 6 тоннадай есірткі бар. Ғалымдар: «бұл жағдай қауіпті ақ ұнтақтың өзге де теңіз мекендеушілеріне орасан зор зиян келтіріп жатқанын көрсетеді», – деп дабыл қағып жатыр.