Трампты атқан адам жалғыз әрекет еткен

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандықты күдікті Томас Мэттью Крукс жалғыз өзі жүзеге асырған.

Оның сыбайластары болмаған. Бұл туралы АҚШ Федералды тергеу бюросы оқиғаны тергеудің аралық қорытындысын жариялау кезінде белгілі болды. Баяндама Конгресте тыңдалды. Крукс саясаткерге қарсы әрекетке бармас бұрын ғаламтордан АҚШ-тың бұрынғы президенті Джон Кеннедиге қастандық туралы мәліметтер жинастырған. Шілденің 13-і күні Пенсильванияда Дональд Трампқа қастандық жасалып, оқ оның оң құлағына тиген еді. Шабуылдан саясаткердің сайлаушылармен кездесуіне келген бір адам көз жұмып, тағы 2 кісі жараланды. Тергеушілердің айтуынша, Крукс Трампты 8 рет атқан. Оның жасырынған орнынан осыншама гильза табылды.