Жапонияда фармкомпания директоры адам өлімінен кейін жұмыстан кетті

Жапонияның фармацевтикалық компаниясының директоры

мен директорлар кеңесінің төрағасы отставкаға кетті. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады. Бұған, бірлестіктің шығарған биологиялық белсенді қоспаны тұтынған тұрғындардың денсаулығына зақым келіп, адам өлімінің тіркелуі себеп. Биыл, наурыз айында аталған компания өндірген дәруменді тұтынған 5 адам қайтыс болып, 100-ден астам кісі уланып қалған еді. Қазір елде, мәселеге қатысты тергеу жүріп жатыр.