Ресейде бөгет жарылып, ауылдар суға кетті
Ресейдің Челябі облысында бөгет жарылып, бірнеше ауылды су басты, деп хабарлайды 24kz.
Зардап шекен біренеше кентінен 163 тұрғын эвакуацияланды. Оның ішінде 21 бала бар. Ресей Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметі бойынша толассыз жауын-шашын салдарынан, қоймадағы су деңгейі 7 сантиметрге күрт көтерілген. Тасқын қаупіне байланысты Қарабаш ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды. Қазір тасқын салдарын жоюға барлығы 170-тен астам маман мен 60 бірлік техника жұмылдырылған.