Қытайда су тасқынынан 90 мың адам эвакуацияланды

Қытайдың оңтүстігіне соққан алапат Каеми дауылының салдары күшті болды.

Дауыл арты тасқынға ұласып, үйлер су астында қалды. Гуандун провинциясында 90 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілді. Ал Фуцзяньда пойыз қатынасы тоқтады. Жергілікті биліктің айтуынша, бұл биыл тіркелген ең жойқын дауыл. Эпицентрдегі желдің жоғары жылдамдығы сағатына 118 шақырымға жетті. Метеорологтар тағы 10 провинцияда осындай дауыл тұрады деп болжап отыр.