АҚШ Мадждаль-Шамс қаласына жасалған зымыран соққысын айыптады
АҚШ Голан жотасында Израиль бақылауындағы Мадждаль-Шамс қаласына жасалған зымыран соққысын айыптады.
Соңғы мәлімет бойынша әуеден жасалған соққыдан 12 адам опат болған, басым бөлігі – балалар мен жасөспірімдер. Атқылауды БҰҰ мен ЕО өкілдері де талқылады. Олар мәлімдемеде Израиль мен «Хезболла» арасындағы тартыс соғысқа айналып кетуден қауіптенетінін жазған. Өз кезегінде Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған палестиналықтарға көмектесу үшін Израильге әскер жіберуге дайын екенін мәлімдеді.
Естеріңізге сала кетейік, Израиль әскері аталған шабуылға жауап ретінде жексенбіге қараған түні оңтүстік Ливандағы «Хезболла» ұйымының инфрақұрылымдарына соққы жасады. Жалпы кейінгі апталарда тараптар бір-бірін үздіксіз атқылап келеді.