Балқан түбегінде төрт миллион халық жарықсыз отыр

Балқан түбегінде төрт миллион халық жарықсыз отыр

Климаттың өзгеруінен ең қатты зардап шеккен өңірдің бірі Еуропа.

Кәрі құрлықтың көп аймағында күн шыжып тұр. Әсіресе Балқан түбегі елдеріндегі ахуал қиындады. Мұнда ыстықтан электр энергиясына сұраныс артып, жаз басында 4 миллионнан аса адам жарықсыз қалды. Кейінгі жылдары жағдай жиі қайтаналатын болған. Сондықтан 2019-жылы Италия мен Черногория арасында электр тарату желілері іске қосылған. Бұған бір миллиард еуро бөлінген. Бірақ қазірдің өзінде сұранысты қанағаттандру үшін оның қуаты жетпей жатыр. 

Мексиканың электр желілері ыстыққа шыдас бермеді

Биыл жазда күнның ыстығынан Мексиканың энергетикалық жүйесі де қатты қардап шекті. Жұрт мұздатқыштар мен желдеткіштерді әдеттегіден жиі қолданып, электр желілері оған шыдас бермеді. Үнемдеу мақсатында су сорғыларын қайта-қайта өшіруге тура келді. Соның кесірінен күн шыжып тұрғанда, 70 мыңнан аса тұрғын 2 аптаға тіршілік нәрінсіз қалды. Кәсіпорындардың жұмысы тоқтады. Жақында президент сайлауында жеңіске жеткен Клаудия Шейнбаум жаз сайын мұндай жағдай қайталана бермес үшін 13 жарым миллиард доллар бөлуге уәде берді. Бірақ сарапшылар алдағы 5 жылда электр энергиясына сұранысты қанағаттандыру үшін 38 миллард керегін айтады.  

Эквадорда электр энергиясы тапшы

Эквадор тұрғындары тәулігіне бірнеше сағат жарықсыз отыруға үйреніп қалған. Билік мұндай шара үнемдеу мақсатында амалсыз жасалып отырғанын түсіндіреді. Латын Америкасындағы бұл елде электр қуатының 78 пайызын гидростанциялар өндіреді. Ал қуаңшылық кесірінен қазір онда су өте төмен деңгейде. Осыған байланысты елде тіпті төтенше жағдай жарияланған. Көршілес Колумбиядан да қайыр жоқ. Бұрын электр энергиясы осы елден жеткізілетін. Бірақ Колумбияның өзін де құрғақшылық жайлап, ол экспортты тоқтатқан.