Венесуэлада сайлау нәтижесіне қарсы шеру өтті
Венесуэла астанасы Каракаста президенттік сайлау нәтижелеріне қарсы наразылық акциясының соңы полициямен қақтығысқа ұласты, деп хабарлайды 24kz.
Ашуға булыққан жұрт қала орталығында резеңке дөңгелек пен қоқысты өртеп, тәртіп сақшыларына тас лақтырды. Дәл осындай тәртіпсіздіктер елдің өзге өңірлерінде де орын алды. Бірақ одан қанша адамның зардап шеккені белгісіз.
Айта кетейік, кеше Николас Мадуро президенттік сайлауда жеңіске жеткені ресми түрде жарияланған еді. Саясаткер 51% дауыс жинаған. Алайда оппозиция өкілдері сайлау нәтижесі бұрмаланды дегенді алға тартып отыр. Олардың есебінше, сайлаушылардың 70%-і оппозициялық тарапқа дауыс берген.