Голливуд актерлері видеоойын индустриясында ЖИ-дің қолданылуына қарсы шықты

Голливуд актерлері жасанды интеллектіге қарсы, деп хабарлайды 24kz.

Олар видеоойын индустриясына жасанды интеллектіден қауіп төнді деп, наразылық акциясын өткізді.

«Ірі студиялар кейіпкерлерді анимациялау кезінде нейрожелілер арқылы актерлердің бет-бейнесі мен дауысын қолданады, бірақ сол үшін ешқандай сыйақы төлемейді», - дейді олар.

Айта өтейік, шеруді SAG-AFTRA кәсіподағы мен актерлер гильдиясы ұйымдастырды. Былтыр олар Голливудте актерлердің жаппай шеруін өткізген еді. Соның салдарынан Калифорния экономикасы шамамен 6,5 миллиард доллар табысынан қағылған болатын.