Павел Дуров 100-ден астам баланың әкесі екенін мәлімдеді

Telegram әлеуметтік желісінің негізін қалаушы Павел Дуров 100-ден астам баланың биологиялық әкесі, деп хабарлайды 24kz.

Бүгінде олар 12 елде өмір сүреді. Танымал кәсіпкер өзінің парақшасында осылай деп жазды. Оның айтуынша, 15 жыл бұрын досы бір отбасына генетикалық материалдың доноры болуды өтінген. Осыдан кейін мұқтаж жандарға көмектесу үшін бұл ісін ары қарай жалғастырыпты. Енді әлеуметтік желі басшысы балалы болуды армандайтын отбасыларға жәрдемдесу мақсатында донорлықты дәріптеуді көздеп отыр.