Британияда балаларға жасалған шабуылдан кейін жаппай тәртіпсіздік болды

Ұлыбританияның Саутпорт қаласында балалар би клубына жасалған шабуылдан кейін жаппай тәртіпсіздіктер орнады.

Наразылық акциясына қатысушылар көліктерді өртеп, полицейлерге бөтелке мен кірпіш лақтырған. Соның салдарынан 22 қызметкер зардап шекті. 8-інің жарақаты ауыр. Естеріңізге сала кетейік, жуырда би шеберлік сағаты кезінде жасалған шабуылдан 3 бала қаза тапқан еді. Бесеуі ауыр халде. Балаларды қорғамақ болған тағы екі ересектің жағдайы күрделі. Полиция таратқан мәлімет бойынша 17 жастағы жасөспірім шабуыл жасады деген күдікпен қамауға алынған. Оның не себепті мұндай әрекетке барғаны әлі хабарланған жоқ, алайда жергілікті полиция мұны терроризммен байланыстырмайды.