БАҚ: Әли Хаменеи Израильге тікелей соққы жасауға бұйрық берді

Иранның рухани көшбасшысы Әли Хаменеи Израильге тікелей соққы жасауға бұйрық берді.

Мұндай шешімге кеше Тегеранда ХАМАС ұйымының Саяси бюросының басшысы Исмаил Ханияның қастандықтан қаза табуы себеп болған. Бұған дейін Иранның БҰҰ-дағы миссиясы ХАМАС жетекшісінің өлімін жауапсыз қалдырмайтынын мәлімдеген еді. Ал шабуылды Израиль жасады деп айыптады. Бірақ Израиль тарапы әзірге ешқандай түсініктеме берген жоқ. Өз кезегінде Еуроодақ пен АҚШ дипломаттары ахуалдың шиеленісіп кетуіне жол бермеу мақсатында шұғыл отырыс өткізді. Кездесуде Иранды Израильге шабуыл жасамауға көндіру жағы талқыланған.

Естеріңізге сала кетейік, кеше ХАМАС-тың Тегерандағы резиденциясына әуеден шабуыл жасалып, Исмаил Хания мен оның оққағары қаза тапты.