Нью-Йорктегі лаңкестікті жасағандар тағылған айыптарды мойындауға келісті

2001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йоркте теракт жасады деп айыпталған Халид Шейх Мұхаммед пен оның 2 сыбайласы лаңкестік әрекетке қатысты кінәларын мойындауға келісті.

Осы арқылы айыпталушылар өлім жазасының орнына өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Бұл туралы New York Times газеті хабарлады.

Айта кетейік, айыпталушылар 3 жылдан астам уақыт Орталық барлау басқармасының жабық түрмелерінде қамауда болып, 2006 жылы Гуантанамо түрмесіне жіберілген болатын.