Нижний Тагил қаласында жарылыстан сегіз адам жараланды

Ресейдің Төменгі Тагил қаласындағы тұрғын үйдің бірінде жарылыс болып, 8 адам ауыр жарақат алды.

Оның ішінде төртеуі бала. 5 қабатты үйдің қабырғасы сөгіліп, бір бөлігі толығымен құлаған. Қазір үйінді астында қалғандарды іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша жарылыс газдың шығуынан болуы мүмкін. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тұрғын үйдің 30 пайызы тозғаны анықталды. Бірақ осыған қарамастан апатты жағдайда деп танылмаған.