Үндістанда үйcіз қарттар көбейді
Халқының саны жөнінен әлемде көш бастап тұрған Үндістанда далада түнейтін қарттар көбейді, деп хабарлайды 24kz.
Қазір үйсіз-күйсіз жүрген миллионнан астам қария бар. Олардың көбін бала-шағасы күтіп-бағудан бас тартқан. Қайырымдылық қорлар оларға қолдау көрсеткенімен, көмекке мұқтаждарын түгендеп тауысар емес. Мәселен, жергілікті қоғамдық қор қарауында осындай 500-ден астам қария бар. Оларды құтқару топтары іздеп, ыстық тамақ беріп, жағдайын жасауға тырысады.