Камала Харрис президент сайлауына қатысады
АҚШ Вице-президенті Камала Харрис демократиялық партия атынан Америка президенті лауазымына үміткер болып сайланды.
Бұл туралы BBC агенттігі хабарлады. Демократиялық партия конференциясына қатысушылар онлайн дауыс берген. Қазірге дейін Харриске 2350 делегат қолдау білдірген. Бірақ оның кандидатурасын конгреске қатысушылардың 99%-ы, яғни 3923 делегат қолдауға ниетті. Камала Харрис АҚШ-тағы жетекші партия атынан Президенттікке ұсынылған алғашқы қара нәсілді және оңтүстік азиялық әйел ретінде тарихқа енеді. Дауыс беру дүйсенбіге дейін жалғасады.