«Хезболла» ұйымы Израиль қаласын зымыранмен атқылады

Ливандық «Хезболла» ұйымы Израильдің солтүстігіндегі Бейт-Хилель қаласын атқылады.

Бір мезетте 50 зымыран атылған. Бірақ Израиль әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі бәрін атып түсірді. Әзірге басқа ақпарат жоқ.

 

Шетел азаматтарын Ливаннан кетуге шақырды

Бірнеше ел өз азаматтарына Ливаннан тез арада кетуге кеңес берді. Мұндай ескертуді АҚШ, Ұлыбритания, Швеция, Канада, Германия, Франция мен Иорданияның Сыртқы істер министрліктері ресми түрде таратқан. Аталған мемлекет өкілдері Израиль мен Ливандағы «Хезболла» арасындағы жағдайдың қатты ушығып жатқанын айтады. Тіпті Швеция Бейруттағы елшілігін уақытша жауып, қызметкерлерін шұғыл елге көшіріп алды. 30 шілдеде Израиль әскері Ливан астанасының оңтүстік бөлігін бомбалап, 3 адам қаза тауып, 70-і жараланған.