Флорида штатында алапат тасқын болуы мүмкін – синоптиктер
АҚШ-тың Мексика шығанағынан Флорида штатына қарай тропикалық дауыл соғып, қозғалыс тоқтады, деп хабарлайды 24kz.
Желдің екпінінен ағаштар құлап, жолды жауып қалды. Мамандардың сөзінше, дауылдың екпіні сағатына 96 шаршы шақырымға жеткен. Алапат дауылдан соң Флорида аймағына өте көп мөлшерде жауын-шашын түседі. Мұның соңы тасқынға ұласуы мүмкін деген болжам бар. Билік тұрғындарды аса сақ болып, шұғыл эвакуацияға дайын болуды ескертті.
Джейми Роум, Ұлттық дауыл орталығы директорының орынбасары:
- Біз болжағандай, жауын-шашын көлемі 50 см-ден асатын болса, алапат тасқын болуы ықтимал. Бұл кезде қозғалу өте қауіпті. Сол себепті тұрғындарға табиғат апатына дайын болып, бірнеше күндік азығын алдын ала сатып алуына кеңес береміз.
Чилиде 600 мың тұрғын жарықсыз отыр
Чили астанасы Сантьягода да қатты дауыл соғып, электр желісіне зақым келді. Салдарынан шаһарда және оған жақын орналасқан елді мекенде 600 мың тұрғын жарықсыз қалды. Желдің қатты екпінінен ғимараттар бүлініп, ағаштар жерге құлап жатыр. Синоптиктер қолайсыз ауа райы бірнеше күн жалғасатынын ескертті.