Сена өзеніне түскен бельгиялық триатлоншы ауруханаға түсті
Париж Олимпиадасында Сена өзенінде ұйымдастырылған триатлон жарысынан кейін бельгиялық спортшы Клэр Мишель шұғыл ауруханаға түсті, деп хабарлайды 24kz.
Ол бірнеше күннен бері өзін жайсыз сезініп, емдеу мекемесіне барған. Зерттеу нәтижесіне сәйкес, Мишэльде жедел ішек инфекциясы анықталды. Спортшы триатлон сайысында 38-орынға ие болды. Ал бүгін өтетін аралас эстафетада Бельгия құрамасы өнер көрсетуден бас тартты.