Ұлыбританияда наразылық тыйылмай тұр

Ұлыбританияда Саутпорт қаласындағы балалар клубына шабуылдан кейін наразылықтар тыйылар емес, деп хабарлайды 24kz.

Қақтығыс кезінде 90-нан астам адам қамауға алынды.

Кей елді мекендерде тұрғындар полицейлерге қарсы шеруге шығып жатыр. Олар дүкендерді тонап, құзырлы органның қызметтік көліктерін өртеп жіберген. Жергілікті полиция оқиғадан кейін құқықбұзушылыққа қамауға алынған 17 жастағы жеткіншек кінәлі дегенді алға тартып отыр. Кей дереккөзге сүйенсек, қақтығысқа өзге елден келген босқындардың қатысы бар. Шабуыл кезінде 3 бала қаза тауып, ондаған адам зардап шекті.