Жапондық Nikkei индексі 12% төмендеді
Жапондық Nikkei индексі 12,4% төмендеді, деп хабарлайды 24kz.
Бұл – кейінгі 37 жылда индекстің рекордтық деңгейде құлдырауы. Ал иена жыл басынан 142,09 АҚШ доллары мөлшерінде саудаланған. Жапондық акциялар да нарық бағасының құлдырауын растап отыр. Мәселен, Mitsubishi, Sumitomo және Marubeni сияқты компанияларда сатылым 14%-ке дейін төмендеген. Сарапшылар индекстің құлдырауын нарықта пайыздық мөлшерлеменің өсуі және жапон валютасының әлсіреуімен байланыстырып отыр. Қазір бұл елдегі базалық мөлшерлеме былтырғыдан шамамен 3,8%-ке төмен.