Әлемде 244 миллион бала мектепке бармайды
Әр елдің мектептегі білім беру жүйесі әртүрлі.
Мәселен, бір елде бала мектепке 3 жасынан барса, екінші бір елде 7 жаста қолына қалам алып, сауатын ашады. Оқушылардың білім деңгейін саралайтын PISA халықаралық ұйымы жыл сайын 79 елдің білім сапасын бақылап, салыстырып отырады. Үздік танылған елдердің тәжірибесі туралы Фариза Жанғанаева айтып береді. Сонымен әлем елдеріндегі білім беру жүйесінде қандай ерекшілктер бар?
Еуропадағы оқыту жүйесі ең озық мемлекет - Финляндия. Бұл елде жекеменшік мектептер жоқ. Барлығы мемлекеттікі. Сондай-ақ фин мектептері 1990 жылдан бастап оқушыларды дәстүрлі түрде сыныпқа бөлу ережесінен бас тартқан. Яғни баланы мектепке 6 жасынан бастап дайындайды. Мектепке дейін кем дегенде екі тілді меңгертеді. Біздің елде мектептер 11,12 жылдық болса, Финляндияда бас-аяғы 9 жыл оқиды.Оның алғашқы 6 жылында оқушыларды бір мұғалім оқытады да, жетінші сыныптан бастап пәндік жүйемен оқуға көшеді. Ал мектепті бітірерде қорытынды емтихан тапсыруға міндетті емес. Диктант, бақылау жұмысы сындылар ұстаздың қалауымен өтеді.
Финляндияда оқушыларға үйге тапсырма берілмейді. Тиісті тапсырма мектепте орындалады. Мұғалім әр оқушының қарым-қабілетін ескеріп, соған лайық тапсырма беріп отырады. Күнделікті сабақ мұғалімнің бір жақты айтып, түсіндіруі емес, оқытушы мен шәкірттің арасындағы коммуникация түрінде жүреді.
Халықаралық экономикалық форум
Өкінішке орай, әлемде 800 млн жуық ересектің сауаты жоқ, яғни қалыпты өмір сүру үшін қажетті білім алмаған. Бұған көп елде мектеп жетіспеушілігі мен ғимараттың талапқа сай жабдықталмауы себеп. Мәселен, Сахарадан Африкаға дейінгі аймақтарда, Азия мен Еуропаның кей өңірлерінде мектеп инфрақұрылымы талапқа сай емес. Кедей елдердегі жағдайды айтпағанда, дамыған Еуропаңызда да бұл мәселе өзекті. Мәселен, Бельгияда білім беру мекемелерінде орын тапшы. Жыл сайын демографияның артуыны байланысты мектеп табалдырығын аттайтын бала саны да едәуір артқан.
ЦИТАТА:
Жақында көп елде жаңа оқу жылы басталады. Бұл жаңалық бізді қуантуы керек, дегенмен білімге қол жеткізудегі теңсіздік алаңдатады. Әлемде 244 миллион бала әлі мектепке бармайды. Мұндай жағдайды ешкім қабылдай алмайды. Білім - бұл құқық. Әр бала үшін осы құқықтың орындалуын қамтамасыз ету маңызды.
Одрэ Азуле, ЮНЕСКО-ның бас директоры
- Иә, мектепке қай жаста барса да маңызды емес. Маңыздысы сауат ашып, хат тану.
- Финляндияда 9 жылды тәмамдаған соң, емтихан тапсыруға міндетті емес дедіңіз. Мәселен, бізде ҰБТ бар, соны тапсыру арқылы талапкерлер ЖОО-на түсуге жолдама алады. Бұл ретте Финляндияда.
Орта тоғыз жылдық мектепті бітірген оқушының алдында екі таңдау тұрады: бірі кәсіптік білім беру училищесіне түсіп оқу, екіншісі жоғары оқу орына түсу үшін лицейде (гимназияда) білімін жалғастыру. Лицейде білім алу баланың бағдарламаны игеруіне қарай 2-4 жылға созылады. Мұнда ЖОО-ға түсуге дайындайтындықтан жоғары талап қойылады.