Үндістан Бангладешпен арадағы шекара қауіпсіздігін күшейтті
Үндістан Бангладешпен арадағы шекарада қауіпсіздікті күшейтті.
Көрші елге теміржол қатынасы да тоқтады. Бұған жаппай бүліктің шығуы себеп. Тақауда Бангладеш билігі мемлекеттік қызметке қабылдау кезінде квоталарды алып тастаған. Бұған тұрғындар қарсы шығып, соңы ереуіл мен қақтығысқа ұласты. Кеше наразы топ премьер-министрдің резиденциясына басып кірді. Осыдан кейін саясаткер отставка жариялап, елден кеткен. Енді елді уақытша үкімет басқарады. Ішкі істер министрлігі бүлік кезінде 150-ге жуық адамның опат болғанын айтады. Бірақ жергілікті ақпарат көздері құрбандар саны 200-ден асып кетті деп хабарлайды.