Әлемдік қор нарығы $6,4 трлн жоғалтты
Кейінгі 3 аптада әлемдік қор нарығы шамамен 6,5 триллион доллар жоғалтты.
Бұл туралы Блумберг агенттігі хабарлайды. 5 тамызда жапон қор нарығында күтпеген жағдай болды. Никкей индексі 12% арзандады. Бұл – кейінгі 37 жылда болмаған құлдырау. Сарапшылар оған жапон банкінің пайыздық мөлшерлемені көтеру туралы шешімі әсер еткенін айтады. Бұдан бөлек, инвесторларда АҚШ экономикасы рецессияға ұшырауы мүмкін деген күдік болған. Күншығыс елінен кейін Оңтүстік Кореяда Коспи индексі 9%, ал АҚШ-та Насдак 6% құлдырады. Қор нарығындағы жағдайдан әсіресе технологиялық компаниялар қатты зиян шекті. Алпауыттар санаулы секундта шамамен бір триллион долларынан айырылған. Солардың қатарында Nvidia, Apple, Amazon, Meta, Microsoft, Tesla компаниялары бар.