Экобелсенділер Мессидің Ибицадағы үйін бүлдірді
Климаттың өзгерісі адам баласын тығырыққа тірей бастады.
Экобелсенділер Лионель Мессидің Ибица аралындағы үйін бүлдірді. Олар атақты футболшының вилласының қабырғаларын бояп тастаған. Осылайша, климат дағдарысына ауқатты адамдардың кінәлі екенін көрсеткісі келген. Олардың айтуынша, байлар қоршаған ортаны өзгелерден көп ластайды. Ал Мессидің бұл үйі 11 миллион еуроға бағаланған. Спортшы әзірге еш мәлімдеме жасаған жоқ. Оның орнына экобелсенділердің бұл қылығын Аргентина президенті қатаң сынға алды.