Камала Харрис Миннесота штатының губернаторымен кездесті
АҚШ-тың вице-президенті Камала Харрис Миннесота штатының губернаторы Тим Уолцты өзінің саяси серіктесі ретінде таңдады.
Демек Харрис қарашадағы президенттік сайлауда жеңіске жетсе, Уолтс вице-президенті атанады. Сарапшылардың айтуынша, Уолцсты таңдау арқылы Демократиялық партия өзінің орталық батыс штаттардағы ықпалын күшейтуді көздеп отыр. Олардың айтуынша, қазіргі саяси дүрбелең кезеңінде мұндай қадамға бару саяси додада шешуші рөл ойнауы мүмкін. Ал Харристің өзі Уолцты халыққа бірлікті насихаттайтын және үлкен армандарға шабыттандыратын тұлға ретінде сипаттады. Сонымен қатар «Уолц – Америкаға лайықты вице-президент», – деп мәлімдеді Камала Харрис.
Камала Харрис, АҚШ-тың вице-президенті:
- Мен өзімнің кандидатурамды жариялаған күннен бастап жарқын болашақты құруға көмектесетін серіктес іздеуге кірістім. Біздің халқымыздың басын қосып, алға қарай қадам басуға көмектесетін көшбасшыны іздедім. Өзім сияқты Американың болашағына сенетін патриот іздедім. Бүгін алдарыңызға сол көшбасшыны тапқандықтан келіп тұрмын. Ол – Миннесота штатының губернаторы Тим Уолц.
Тим Уолтс, Миннесота штатының губернаторы:
- Мен 20 жыл бойы мектепте сабақ бердім. Тіпті футбол жаттықтырушысы болдым. Менің осы сайлауға қатысуыма оқушыларымның да ықпалы бар. Олар маған күш-жігер берді десем болады. Мені лайық көрді, демек мен сайлауға қатысып, өзгеріс жасай аламын.