Камала Харрис – АҚШ президенттігіне ресми үміткер

АҚШ вице-президенті Камала Харрис демократиялық партия атынан Америка президенті лауазымына үміткер болып сайланды.

Онлайн дауыс беру арқылы Харрис демократтардың 99% дауысына ие болды. Ол бұл туралы Филадельфиядағы партия жақтаушыларының кездесуінде осылай деп мәлімдеді. Ал вице-президенттікке үміткер ретінде өзінің серіктесі, Миннесота губернаторы Тим Уолцты көпшілікке таныстырды. Жиында Уолцтың кандидатурасын мақұлдағандар көп. Осылайша, Харрис қарашада өтетін саяси науқанда жеңіске жеткен жағдайда, АҚШ-тың алғашқы әйел президенті бола алады.