Нью-Йоркті су басып жатыр

Жалпы АҚШ бойынша жағдай қиын.

Табиғи апат салдарынан қаза тапқандар саны 6 адамға жетті. Ал жергілікті билік халықты қауіпсіздік шараларын ескеруге шақырып әлек.

9 миллиондай халқы бар Нью-Йоркте жаңбыр әлі себелеп тұр. Мамандардың мәлімдеуінше, мұнда бұлттану деңгейі 87% жеткен. Көліктер қазірдің өзінде жүзіп жүр. Үлкен су үйлерді басып, электр жарығы өшуі мүмкін деген қауіп бар. Штат басшысы тұрғындарды сақтандырып жатыр.

Кэтлин Хокул, Нью-Йорк штатының губернаторы:

- Нью-Йорктіктер су тасқынына, күннің күркіріне және күшті дауылға дайын болуы керек. Менің әкімшілігім жағдайды жіті бақылап отыр. Біз Нью-Йорк тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барымызды саламыз. Халықты алдағы бірнеше күн бойы барынша сақ болуға шақырамын.

 

«Дебби» дауылы АҚШ-тың оңтүстік-шығысында ойран салды

Флорида штатында елдімекен көшелері дарияға айналды. Мұнда «Дебби» тропикалық дауылы соққан. Желдің екпіні сағатына 130 шақырымға жетті. Ағаштар құлап, жолдар қирап, қозғалыс қиындаған.

Карин Жан-Пьер, Ақ үйдің баспасөз хатшысы:

- Біз Флорида тұрғындары мен оңтүстік-шығыс жағалаудағы «Дебби» тропикалық дауылынан зардап шеккендер, оның ішінде қайғылы жағдайға тап болған адамдар үшін дұға етеміз. Президент дауылдың әсер-салдары туралы ақпаратты үнемі алып, жағдайды қатаң бақылауда ұстап отыр. Табиғи апатпен күреске әскери инженерлер мен жағалау күзеті де жұмылдырылды. Президент Флорида, Оңтүстік Каролина және Джорджия штаттары губернаторларының төтенше жағдай жариялау туралы өтініш қабыл алды.

Джорджия штатында 150 мыңнан астам тұрғын жарықсыз қалған. Аймақта әсіресе Саванна и Чарлстон қатты зардап шекті. Бұл қалаларда 1 күнде 30 сантиметр жауын-шашын түскен. Полиция штат аумағындағы барлық тасжолдарды жапты.

Авторы: Ернат Мелсұлы.