Әлем халқы минутына миллион шөлмек су ішеді

Күнделікті тұтынатын ауызсудың құрамы туралы көпшілік ойлана бермейді. Әсіресе дүкенде сатылатын шөлмекке құйылған судың құрамында көзге көрінбейтін микропластиктер болады.

Тақауда ғана Нью-Йорктегі Колумбия университінің зерттеушілері осындай тұжырымдама жасады, деп хабарлайды 24kz.

Зерттеу нәтижесі бойынша бір литр шөлмектегі суда 240 мың микропластик бары анықталды.

Фариза Жанғанаева, тілші:

- Жалпы әлем бойынша әр отбасы күніне минимум екі шөлмек су тұтынады деп есептесек, бұл жылына 210 миллиард шөлмек су. Бұл ретте.

Қай ел, жылына қанша литр су ішеді, оның табиғатқа келтірер залалы қандай?

450 миллиард литр су – бұл биыл жыл соңына дейін әлем ішетін судың мөлшері. Яғни минутына миллион шөлмек су деген сөз. Әрі жыл сайын бұл көрсеткіш 5%-ке артып ортырады. Оған бала туу көрсеткішінің өсуі, туризмнің дамуы, урбанизация сынды факторлар әсер етеді. Бөтелкедегі суды көбіне Азия, Африка, Таяу Шығыс тұрғындары сатып алып ішеді. Дүкендегі суға сұраныс, экологиялық таза бұлақ көздерінің жетіспеушілігі әрі халық санының көптігімен байланысты.

Ал құбырдан таза ауыз су келіп тұрса да, кәрі құрлықта шөлмектегі суды ең көп ішетін ел – Италия. Global data мәліметтері бойынша Италиядан кейін Германия екінші орында. Бұл елдің тұрғындары жан басына шаққанда жылына 167 литр су ішеді. Сондай-ақ суды көп тұтынатын елдердің арасында Португалия, Венгрия, Испания бар.

Еуропалықтар жылына қанша литр су ішеді?

  1. Италия 208 л
  2. Германия 167 л
  3. Португалия 140 л
  4. Венгрия 138 л
  5. Испания 135 л

 

Әлемде пластик қалдықтардың 9%-і қайта өңделеді

Шөлмектегі су ішіледі, ал ыдысы қоқысқа тасталады. Ал пластик шөлмектер қоршаған ортаның жауы. Бір шөлмек суда 240 мың пластик бөлшек бар. Жалпы әлем бойынша пластмассаның тек 9%-і қайта өңделеді. Қалғанын өртейді. Ал одан ауаға зиянды қалдықтар тарайды. Әрі пластик ыдыстар биологиялық тұрғыда ыдырамайды. Бұдан теңіз флорасы мен фаунасына келетін залал көп. Топырақтың құнарлығына, судың нәрлігіне үлкен зиян келтіреді. Әзірше мамандар құбырмен келетін тазартылған суда пластиктің аз екенін айтады.

Вэй Мин, Колумбия университетінің химия профессоры:

- Пластик шөлмекке құйылған судың құрамында бактерия жасушасының көлеміндей микропластиктер болады. Бұл адам денсаулығына әсер етеді. Өйткені нанопластиктер асқазан-ішек жолдары мен өкпе арқылы басқа ағзаларға тарай алатын өте кішкентай бөлшектер.

 

Еуропада пластик шөлмектердің жаңа дизайны жасалды

Еуропалық одақ барынша экологиялық таза қоғам құруға тырысып әлек.

Мәселен, биыл шілдеде жаңа қаптамадағы шөлмектегі сусындар сатылымға шықты. Әдетте шөлмектің қақпағын толығымен бұрап, ашуға болады. Ал жаңа дизайнда қақпақты ажыратып алу қиын. Бұл теңіз маңындағы жағажайларда, шөлмек қақпағына  ширатылып қалатын ұсақ тіршілік иелерін қауіптен сақтау үшін жасалған.

Дегенмен бөтелке қақпақтарының жаңа түрін жасаушылардың идеясы тұтынушылар арасында дау туғызды.

Еуропалық одақтың бұл бастамасы қаншалықты тиімді? Бұл жағы әзірге белгісіз. Жалпы статистикаға сәйкес, жыл сайын әр еуропалық орта есеппен 190 келіге жуық пластик қалдық шығарады. Бұл статистика азая ма, арта ма ол тұрғындардың ауыз суды қалай тұтынуына байланысты.