Француз кәсіпкерлерінің үміті ақталмады

Француз кәсіпкерлерінің үміті ақталмады

Олимпиада ойындары кезінде мол табысқа кенелеміз деген француз кәсіпкерлерінің үміті ақталмады, деп хабарлайды 24kz.

Париждегі мейрамхана иелері дүбірлі дода кезінде турист көп болады деп қызметкерлерін еңбек демалысына жібермеген. Тіпті жұмысқа қосымша адамдар алған. Бірақ келуші аз. Себебі ойын кезінде көшенің көбі жабылған. Жарыс өтетін нысандарға жақын орналасқан дәмхана иелері де жағдайдың жетісіп тұрмағанын айтады. Өйткені билік қауіпсіздік үшін 400 мейрамхананың жазғы алаңдарын жаптырған. Енді кәсіпкерлер шығынды жабу үшін бағаны көтеруге мәжбүр.