Кеннедиді жеңіске жеткізген теледебат Трампты таққа отырғыза ала ма?

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп пен қазіргі вице-президент Камала Харристің арасындағы саяси дода жалғасуда. 

Президенттікке үміткер демократ пен республикалықтың арасында алғашқы пікірталастың өтетін уақыты бүгін белгілі болды. 

- Талғат, жаңа ғана Трамп Байден дебаттан кейін жеңілді және оны халық көрді деп айтты. Бұл қаншалықты рас және теледебаттың президенттік сайлау қорытындысына әсері бар ма?

- 10 қыркүйектегі пікірсайыста Трамп пен Харрис қандай тақырыптарды қозғайды, ол жағы белгілі ме? 

Талғат Алманов, тілші:

- Иә, осыдан бірнеше сағат бұрын Дональд Трамп Камала Харристің шақыртуын қабыл алып, телевизиялық дебатқа қатысатынын растады. Бұл пікірсайыс қыркүйектің 10-ны күні ABC арнасының тікелей эфирінде көрсетіледі деп күтілуде.

Естеріңізде болса, Трамп шілденің соңында бұл арнаға көңілі толмайтынын және ABC демократтардың мүддесін қорғайтынын айтқан еді. Оның орнына пікірсайысты консервативті бағыттағы Fox News арнасында өткізуді талап еткен болатын. Дегенмен бүгін екі тарап келісімге келіп, сайлаушылардың өзекті сұрақтарына телевизиялық дебатта жауап беруге дайын екендерін мәлімдеді. 

Камала Харрис, АҚШ-тың вице-президенті:

- Трамптың пікірсайысқа келісім бергеніне қуаныштымын. Және мен мұны асыға күттім.  Әйтеуір Трамп дебатқа келеді деп үміттенемін.

Дональд Трамп, АҚШ-тың экс-президенті:

- Осындай дебаттардың өткізілуі өте маңызды деп санаймын. Мысалы Байден екеуміздің арамызда болған пікірсайыстан кейін халық оны жеңілді деп айтып жатты. 

- Талғат, жаңа ғана Трамп Байден дебаттан кейін жеңілді және оны халық көрді деп айтты. Бұл қаншалықты рас және теледебаттың президенттік сайлау қорытындысына әсері бар ма? 

Талғат Алманов, тілші:

- Рас, Байденнің Трампқа қарсы өткен пікірсайыстағы жауаптары сайлаушылардың көңілінен шықпады. Оны демократтардың өздері де мойындап отыр. Салдарынан Байденнің рейтингі де түсе бастағанын білесіздер. Сондықтан мұндай саяси пікірсайыстардың АҚШ қоғамындағы орыны өте маңызды. Тіпті 1960-жылдары Кеннедидің Никсонға қарсы жеңіске жетуіне дәл осы теледебаттың ықпалы болды деген пікірлер де бар. 

10 қыркүйектегі пікірсайыста Трамп пен Харрис қандай тақырыптарды қозғайды деп ойлайсыз?  

Талғат Алманов, тілші:

- Регламентке сәйкес, тақырыптар тізімі әлі жарияланған жоқ. Бірақ олардың дені америкалықтардың көкейінде жүрген иммиграция, денсаулық сақтау, салық жүйесі және елдегі қауіпсіздік мәселелерін қамтитыны анық.