Жапонияда қуатты жер сілкінісі болды
Хабарлағанымыздай, Жапонияның оңтүстік-батысында 7,1 баллдық жер сілкінісі болып, Кюсю аралды аймағында цунами қаупі жарияланды.
Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Бірақ аймақта қозғалыс шектелді. Токио халықаралық әуежайында рейстер кейінге шегеріліп, 13 мың жолаушы сапарынан қалды. Ғалымдар Нанкай аймағына 8-9 баллдық зілзала қаупі төнгенін ескертті. Жер сілкінісінен Жапонияның шығыс жағалауына биіктігі 30 метрден асатын цунами түседі деген болжам бар.