Израиль келісімді қайта бастау үшін делегация жібереді
Израиль билігі АҚШ, Қатар, Египеттің шақыруымен Газа секторындағы жағдай бойынша келісімге нүкте қою үшін 15 тамызда арнайы делегация жібереді.
Кездесудің қай жерде өтетіні кейінірек хабарланады. Бұл туралы Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесінде айтылды. Күні кеше АҚШ, Қатар және Египет көшбасшылары бірлескен мәлімдеме жасап, Израиль мен Хамасты аймақтағы қақтығысты тоқтату, кепілге алынған адамдарды босату туралы келіссөздерді жаңартуға шақырды. Ал Хамас тарапы бұған қатысты еш мәлімдеме жасаған жоқ.