Шетелдік БАҚ Орталық Азияның ортақ мүддесі туралы жазды

Әзербайжандық бірқатар басылым Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы достық әрі саяси байланыстардың маңызы туралы жарыса жазуда.

Әсіресе екі ел арасындағы баламалы энергетика, Транскаспий бағыты бойынша мұнай тасымалы, логистика, қорғаныс саласы, Цифрлық Жібек жолы жобасы аясындағы келісімдердің маңызын жіктеп тұрып көрсеткен. Сондай-ақ мақалада Әзербайжанның Орталық Азия елдерімен көп қырлы стратегиялық ынтымақтастығы мәдени байланыстардың дамуына оң әсер етеді делінген. Өзбекстан сыйға тартқан Мирзо Ұлықбек мектебінің, Қазақстан сыйлаған Құрманғазы балалар шығармашылығы орталығының және Қырғызстанның қолдауымен салынған Ағдамдағы орта мектептің ашылуы Әзербайжан мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейін айқын көрсетеді. Бұл маңызды жобалар мәдени және білім беру байланыстарын нығайтып қана қоймай, олардың берік ынтымақтастығының негізінде жатқан өзара құрмет пен қолдауды көрсетеді деп жазады басылым. 

"Azerbaijan's participation in such prestigious events underscores the centuries-old bonds of brotherhood and friendship, as well as the deep historical connections and current high level of cooperation between Azerbaijan and its regional partners. Increased mutual visits at the heads-of-state level in recent years have established a basis for expanding and deepening cooperation between the countries. The friendly relations between the heads of state significantly contribute to bilateral ties and further develop and strengthen cooperation, elevating these relations to a level of genuine strategic partnership. "

Әзербайжанның осындай беделді іс-шараларға қатысуы ғасырлар бойғы бауырластық пен достықтың, сондай-ақ терең тарихи байланыстарды және Әзербайжан мен оның аймақтық серіктестері арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін көрсетеді. Кейінгі жылдары мемлекет басшыларының ресми сапарлары елдер арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мен тереңдетуге негіз болды. Бұл екіжақты байланыстарға елеулі үлес қосады, ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға ықпал етеді, бұл қатынастарды шынайы стратегиялық әріптестік деңгейіне шығарады.  

Trendnewsagency, Авторы: Ламан Зейналова 

Aze.Media

Әзербайжандық тағы бір басылым aze.media, Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық белді басылымдардың біріне жаряланған мақаласына тағы бір мәрте тоқталып, Қазақстан басшысының Орта Азия елдерінің басын қосып, жүйелі саясат жүргізудегі көшбасшылық қабілеті жайында жазды. 

ЦИТАТА: 

"Kassym-Jomart Tokayev is an exceptionally experienced diplomat, far surpassing his colleagues in the current Russian Ministry of Foreign Affairs. He is highly skilled at sending signals that are clear to those who understand, while leaving little room for criticism by others. It is no coincidence that his programmatic article is titled “The Renaissance of Central Asia: On the Path to Sustainable Development and Prosperity.” On one hand, this suggests that the region stands on the verge of a renaissance, in other words, a revival of its geopolitical significance amid the ongoing changes in the global order." 

Қасым-Жомарт Тоқаев - өте тәжірибелі дипломат. Оның "Орталық Азияның жандануы: тұрақты даму мен өркендеу жолында" мақаласының тақырыбы осылай аталуы кездейсоқ емес. Бір жағынан, бұл ел қайта өрлеу қарсаңында тұрғанын, яғни әлемдік тәртіпте болып жатқан өзгерістер аясында өзінің геосаяси маңыздылығын жандандыруды білдіреді. 

Aze.Media, Авторы: Зухра Новрузова

The Diplomat

Ал шетелдік The Diplomat басылымы Орталық Азияның әлемдік аренадағы орнына тоқталады. Мақалада "Орталық Азия елдері табиғи ресурсқа бай, бірақ парниктік газдар  шығаратын мұнай мен газға тәуелді. Бұл ретте Жапония Орталық Азияның тұрақты экономикалық даму жөніндегі күш-жігерін қолдауға міндеттеме алды" делінген. Сондай-ақ Орталық Азия мен Жапония арасындағы серіктестік географиялық арақашықтыққа қарамастан, кедергілерді бірге еңсереді деген жолдар бар. 

ЦИТАТА

Қазақстанның атом энергетикасы саласында әлеуеті зор. Биыл күзде Қазақстан өзінің алғашқы атом электр станциясын салу мәселесі бойынша референдум өткізуді жоспарлап отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған бұл бастама қазба отынға тәуелділікті азайтуға, энергия теңгерімін әртараптандыруға және СО2 шығарындыларын азайтуға бағытталған. 

The Diplomat, Авторы: Альберто Фриджерио 

Фариза Жанғанаева