Бразилияда ұшақ апатынан 61 адам опат болды
Бразилияда ұшақ апатқа ұшырап, барлық адам қаза тапты.
Құрбандардың төртеуі – экипаж мүшесі, қалған 57-і – жолаушы. Каскавелден Гуарульюсқа бара жатқан әуе кемесімен 1 сағаттан кейін байланыс үзіліп, кейін радардан жоғалып кеткен. Ол Сан-Пауло провинциясындағы Виньедо қаласында құлады. Полиция апат аумағын қоршауға алды. Тергеу жүріп жатыр. Президент Бразилияда 3 күнді қаралы күн деп жариялады.