Жапонияда алғаш рет жер сілкінісі қаупі туралы дабыл жүйесі іске қосылды

Жапонияда алғаш рет жойқын зілзала қаупі туралы дабыл жүйесі іске қосылды.

Осылайша Ұлттық метеорология агенттігі 29 префектураның 707 әкімшілік аумағында жерасты дүмпуі кезіндегі дайындықты пысықтаған. Ескерту негізінен Сидзуоки қаласынан Токионың батысына дейінгі аумаққа созылып жатқан 800 шақырым жерде жасалды. "Гардиан" басылымының жазуынша, бұл аймақта әр 100-200 жылда 8-9 балдық зілзалалар болып тұрады екен. Естеріңізге сала кетейік, Жапония премьер-министрі Фумио Кисида елдің оңтүстігінде 7,1 балдық жер сілкінісі болған соң Орталық Азияға сапарын кейінге шегерген болатын.