ХАМАС басшысы бейбіт бітімді қолдайды
Палестиналық ХАМАС қозғалысының бірнеше күн бұрын тағайындалған жаңа басшысы бейбітшілік орнағанын қалайды.
Ондай ойы барын Яхья Синвар оқ атуды тоқтату туралы бітімге арағайындық танытып жүрген Египет және Катар өкілдеріне айтқан. Бұл туралы америкалық Си-Эн-Эн телеарнасы хабарлайды. Бұл ретте АҚШ, Египет пен Катар басшылары атыс-шабысты доғару туралы келіссөздерді 15 тамызда өткізуге шақырып отыр. Олар қос тараптың да ойынан шығатын ұсыныс дайындағандарын айтады. Әзірге Израиль билігінің жауабы белгісіз.