Лондонда тұрғындарға пышақпен шабуыл жасаған күдікті қолға түсті

Лондонда белгісіз біреу тұрғындарды пышақпен қорқытып, 2 адамды жарақаттады, деп хабарлайды 24kz.

Зардап шеккендер – 11 жастағы жеткіншек пен орта жастағы әйел. Оларды полиция шұғыл жақын маңдағы ауруханаға жеткізді. Қазір күдікті қолға түсіп, қамауға алынды. Оның не себепті тұрғындарға қару кезегені белгісіз. Тергеу басталды. Өкінішке қарай, мұндай жағдай өткен аптада да болды. 17 жастағы жеткіншек Саутпортта би алаңында қастандық жасап, 3 баланы өлтірген еді. Содан бері аймақта тұрғындар шеруі басылмай тұр.