Аптап ыстық: Италияның 14 қаласында қауіптің қызыл деңгейі жарияланды
Италияда аптап басылар емес, деп хабарлайды 24kz.
Әсіресе, Рим, Флоренция, Сицилия, Ватиканда қатты ыстық тұрғындардың әбден мазасын қашырды. Мұнда сынап бағанасы 40 градусқа жейін жетті. Азаматтарды қорғау агенттігі туристерге ыстықтан қорғану үшін салқын су таратып, көмек көрсетуде. Билік Италияның 14 қаласында қатты ыстыққа байланысты қауіптің қызыл деңгейін жариялады. Метереологтар болса аптап алдағы бірнеше күн бойы жалғасатынын ескертті.