Босния және Герцеговинада тұмса табиғатты өрт жалмап кетті

Босния мен Герцеговинада орман өртеніп жатыр.

Екі күн бұрын басталған тілсіз жау жүздеген жыл бойы бүлінбеген Зеленгора тауы маңындағы орман алқабын күлге айналдырды. Қазір жақын маңдағы елдімекен тұрғындарына қауіп төніп тұрған жоқ. Бірақ құтқарушылар қызыл жалынды ауыздықтай алар емес. Өйткені таулы аймаққа жету қиынға соғуда. Қазір өртті сөндіру жұмыстарына бірнеше тікұшақ пен техника тартылды. Босния үкіметі Сутьеска ұлттық саябағында тілсіз жаудың алдын алу жұмыстарына көршілес Сербия мен Хорватиядан халықаралық қауымдастықтардан шұғыл көмек сұрады.