ХАМАС Израильге зымыран ұшырды
ХАМАС ұйымы Тель-Авивке екі зымыран атты, деп хабарлайды 24kz.
Бұл Израильге бағытталған 3 айдан кейінгі шабуыл. Алайда зымырандар нысанаға жетпей, бірі теңізге, екіншісі шекарадан өтпей, Газа секторының төңірегіне құлаған. Ал Израильдік ЦАХАЛ тобы, Хан-Юнисті күн сайын шабуылдап жатыр. Таяу Шығыстағы қақтығысты тоқтату туралы тағы бір келіссөз халықаралық елшілердің қатысуымен 15 тамызда Дохада өтеді. Егер тараптар өзара келісімге келсе, Иран Израильге уәде еткен соққылардан бас тартуы мүмкін.