Ауғанстандағы әйел құқығы әлем назарында – БҰҰ
Ауғанстанда 2026 жылға қарай 1 миллиондай қыз бала мектептен, 100 мыңы жоғары оқу орнынан шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды 24kz.
Бұл ерте бала туу көрсеткішінің 45%-ке, ана өлімінің 50%-ке өсуіне әкеледі. Бұл жайтқа Біріккен ұлттар ұйымы жанындағы Әйелдер құрылымы алаңдаулы. 2021 жылы Ауғанстанда билікке тәліптердің келуімен әйел құқығы шектелген еді. Халықаралық қауымдастық енді бұл мәселені әлемдік деңгейде көтеруді көздеп отыр.
Элисон Давидиан, Ауғанстандағы БҰҰ-Әйелдер құрылымының жетекшісі?
- Әлем ауған әйеленің тағдыры туралы хабардар. Біз олардың солақай саясаттың құрбаны болғанын қаламаймыз. Әділетсіздікпен жалғыз күресуіне жол бермейміз. Олардың тағдыры бүкіл әлемдегі әйел тағдырына әсер етеді.