Джо Байден қатерлі ісікті емдеуге $150 млн бөлді
АҚШ президенті Байден онкологиялық аурулармен күресуге 150 миллион доллар бөлді, деп хабарлайды 24kz.
Қаражат хирургтарға қатерлі ісіктерді сәтті жоюға көмектесетін жоғары дәлдіктегі микроскоптар мен технологияларды жасауға жұмсалмақ. Бұл Cancer Moonshot бағдарламасы бойынша соңғы қаржыландыру. Бағдарлама екі жылдан бері жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде Байденнің бастамасымен онкологиялық аурулардың алдын алу, анықтау және емдеу технологияларын дамытуға 400 миллион доллар бөлінген. Бұл арқылы АҚШ 2027 жылға қарай онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімді кем дегенде екі есе азайтқысы келеді. Жалпы АҚШ-та 2 миллионға жуық адам қатерлі ісікке шалдыққан.