АҚШ мектептерінде ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады
АҚШ-тың Калифорния және Оңтүстік Каролина штаттары мектепте ұялы телефон пайдалануды шектеу шараларын қолға алды, деп хабарлайды 24kz.
Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом мектептерге арнайы хат жіберіп, оқушылардың сабақ үстінде телефон ұстамауын қатаң қадағалауға шақырды. Жалпы ұялы телефонды пайдалануға АҚШ-тың бірнеше штатында тыйым салынған. Дегенмен, білім беру басқармаларының айтуына қарағанда, оқушылардың көбі тәртіпке бағынбайды. Осыған байланысты ел билігі 2025 жылдың басына дейін барлық мектепке талаптарды күшейту туралы тапсырма берді.