Әлем елдеріндегі шәкіртақы беру түрлері қандай?

Әлем елдерінде де мектеп бітіргеннен кейін студентке мемлекет тарапынан әрі кәсіпкерлер мен ұйымдар тарапынан қосымша берілетін шәкіртақы түрі көп, деп хабарлайды 24kz.

Әрі табысы төмен отбасыдан шыққан студенттерді қолдау үшін қайырымдылық қорлары арнайы грант бөледі. Ал ол қалай жүзеге асады және көлемі қандай?

АҚШ-та оқимын деген талапкерге қолдау көп. Мемлекет пен жеке кәсіпкерлер атынан берілетін 100-ден астам шәкіртақының түрі бар. Көбі қайырымдылық қорлар есебінен бөлінетін гранттар. Соның бірі – танымал, америкалық филантроп Билл Гейтс пен жұбайы Мелинда атындағы шәкіртақы. 2017 жылдан бері, жыл сайын 300-ден астам студент осы шәкіртақымен жоғары оқу орнында оқып келеді. Осыған ұқсас «Жарқын болашақ», Родс атындағы шәкіртақы, сондай-ақ, президенттік шәкіратқылар бар.

Bourses d'étude – Франциядағы барлық шәкіртақы мен гранттардың жалпы атауы. Мөлшері айына 219 еуродан 1094 еуроға дейін өзгеріп отырады. Оның өзгеруі қолдаушыға байланысты. Әдетте қаржылай қолдау үкімет немесе жеке ұйымдар тарапынан болады. Арнайы стипендиялар негізінен магистратура мен докторантура студенттеріне арналған. Ал, бакалавр студенттері тек мемлекет тарапынан тегін оқиды. Франция үкіметі жыл сайын студенттерге миллион еуродан астам қаражат бөледі.

Әлемде білім сапасы жөнінен артта келе жатқан Африкалық суденттерге де мемлекет тарапынан арнайы шәкіртақы бөлінеді. Мәселен, Нигерияда жыл сайын 100-ден астам студент шәкіртақыға ие болып, тегін оқиды. Шәкіртақы көлемі шамамен жылына 120 мың ранд. Бұл біздің теңгеге шаққанда 2 миллиондай. Ал, Зимбабведе ғылыммен айналасамын деген жастарға, сондай-ақ, технология, математика бағытын таңдағандарға грант көбірек бөлінеді.

Авторы: Фариза Жанғанаева